Театр маусымы жабылды

Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында XXIV маусым «Шыңғыс хан» драмасымен аяқталды. Театрдың тұрақты көрермендері бар, олар бірде-бір спектакльді құр жібермейді, алдағы күндері театрда онлайн-спектакльдер ғана жұмыс істейді. «Театр грек тілінен аударғанда «ойын-сауық» дегенді білдіреді. Бірақ бұл олай емес, қазіргі заманғы театр – бұл көрерменге үлкен ой салады. «Қадір таңы», «Отбасылық құпия», «Өтірік айтпайтын адам» спектакльдері қазіргі қоғамда өзін-өзі тануға, қоршаған әлемді зерттеуге жетелейді», – дейді Батырбек Тұрсынәлі. Көрерменнің айтуынша, ол Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжіндегі драма театрдың әртісі ретінде білім алуда. «Театр – бұл рухани азық және мен үшін үлкен тәжірибе», – деп атап өтті студент. Маусым соңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова театрдың үздік қызметкерлерінің еңбегін атап өтті. «Жылдың үздік актері» атағын Төлебұлан Төлеуов алды, «Үздік актриса» аталымында Маржан Бөкешоваға тең келер ешкім болған жоқ.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий