Тегін такси жұмыс істеді

Аязды күндері көкшетау-лықтар қалалық автобустар бағдарларымен жүріп, жолаушыларды тегін тасымалдады.

«Жақсылық жаса!» акциясы аясында автомобильдер қалалық автобус бағдарларымен жүріп, жолаушыларды тегін әрі жайлы жеткізді. Бір аптаға созылған шыңылтыр аязда автобус аялдамасында тұрған немесе көшеде такси тоқтатқанда жай көлік келіп тоқтағанда таңданған жолаушылар аз болмады. Маңайына бей-жай қарамайтын көкшетаулық көлік иелері осы үрдіске өзге адамдарды да атсалысуға шақырды.
«Игі бастаманы қолдағымыз келді. Тағы бірнеше такси жүргізуші бірігіп, аяз сынғанша халыққа тегін қызмет көрсетуді ұйғардық. Аурухана, орталық базар, халыққа қызмет көрсету орталығы сынды халық көп жиналатын орындарға барып, тұрғындарға қызметімізді ұсынып жүрміз. Шынын айтсам, жұрттар бастапқыда таңғалды. Қазіргідей суықта жол бойында тұрған адамдарды жарыса алып кетіп жатқан әріптестерімді көргенде іш жылиды. Қала халқы батасын беріп, шынайы алғыстарын білдіруде», – дейді Жанатай Елемесов есімді жүргізуші.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий