Тиісті жауабын берді

Қала әкімі Амангелді Смайылов тамыз айындағы өзінің қабылдауына жазылған бірнеше тұрғынмен әңгімелесті. Олардың бірқатары жер мәселесін, баспана жайын қозғаса, енді бірі көмек сұрай келіпті. Тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдаған шаһар басшысы жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Нина Саватеева Кенесары көшесіндегі 220 А үйде тұрады. Талай жылдан бері жертөлесін су басып кетеді. Қазір де суға толып тұр. Жаңбырлар басталғанда тіпті қиын. Соның салдарынан үйін сыз басып, денсаулығы сыр бере бастапты. Осы жағдайға байланысты сала мамандары барып, тексеріс жүргізген. Олардың айтуынша, жертөлеге келіп жатқан су кәріз құбырының суы емес, жерасты суы. Сондықтан қазір оны сорғызуға қатысты шаралар қолға алынып, оны бұрып әкететін құбыр тарту жұмыстарымен айналысып жатыр. Ирина Пищева гараж салуға қажетті жер учаскесін сұрайды. Алайда оның жылжымайтын нысанға қатысты құжаттары дұрыс емес. Сондықтан әзірге ол учаскені пайдалануға рұқсат жоқ. Әкімнің қабылдауына келген Руслан Сайфутдинов құрылыс материалдарымен көмектесуін сұраса, Бибітай Байманова бас-
пана мәселесін шешу өтінішімен келіпті. Ал, Валентина Сероштанова болса, өзі тұратын үйдің қашан сырылатынын білгісі келеді. Қаланың бас жоспарына сәйкес бұл үйлер мен жер учаскелерін сатып алу тек бюджеттен қаржы бөлінгеннен кейін немесе жеке инвесторлардың қаржысына ғана жүзеге асады. Вернадский көшесіндегі апатты жағдайда тұрған үйдің тұрғыны Қайырбай Самихан баспананың бір күні құлап қалу қаупі барын еске салды. Алайда тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық мамандарының айтуынша, бұл үйдің тұрғындарының басым көпшілігінің пәтерлеріне қатысты құжаттары жоқ. Кейбірі пәтерін жалға беріп, өзі басқа жерде тұрып жатыр. Сондықтан барлық тұрғындардың құжаттары рәсімделіп, реттелмей, бұл үйдің мәселесі шешілмейді.
Қала әкімі Амангелді Смайылов қабылдауға келген әр көкшетаулықтың өтініш-тілегін тыңдап, тиісті жауабын берді.

«Көкше – ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий