Тиісті шаралар қолданылады

Көкшетау қаласының әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдап, олардың бірнеше сұрақтарына жауап беріп, кей тұрғындардың жағдайын шешу үшін тиісті қызметкерлерге тапсырма берді.IMG_20210407_171519
Әкім қабылдауында бірінші болып өз жағдайын түсіндірген Бибігүл Мухамедьярованың отбасында 4 адам. Толыққанды отбасы еместер санатымен баспана алу мақсатында кезекте 2014 жылдың 22 тамызынан бастап тұр. №2 тізім бойынша кезектіліктің реттік нөмірі – 977. Жалақымның мөлшері аз болғандықтан көп нәрсеге қаражат жетпейді. Оның үстіне екі қызым университет қабырғасында ақылы түрде білім алып жатыр. Оған қоса жалдамалы пәтер мен азық-түлікке жеткізуім керек, – дейді жалғыз басты ана Бибігүл Мухамедьярова.
Зулихан Остапенко бірінші топтағы мүгедек. Қазіргі таңда екі баланың анасы. Көз жанарының нашар көруіне байланысты жұрт қатарлы еңбек етіп, ақша табуға мүмкіндігі жоқ. Жұбайы Михаил Остапенко мүгедекке күтім жасау мақсатында жұмыс істемейді. Құжаттарын материалдық көмекке тапсырған оларға 43755 теңге мөл-шерінде көмек тағайындалды. Төлем наурыз айында жүргізілді. Қазіргі таңда баспанаға мұқтаждар кезегінде тіркелмеген. Зулихан Остапенкомен жұбайының қалауы әкімдік оларға көмек көрсету мақсатында жекеменшік жатақхана алып берсе дейді.
Кезекті тыңдалымға келген Кенжеғали Нұрсейітов 1993 жылы Көкшетау қаласына көшіп келген. Жер учаскесін алып, өз баспанасын салуды мақсатқа алған. Құжат бойынша жер учаскесін алу кезегінде №4841 тұр. Ал, кезекке 2007 жылдың 22 тамызында тіркелген.
Хайрат Дарежат әкім қабылдауында өзінің және өзі сияқты жандардың мәселесін талқылауға келген. Саяжай 2 мекенжайы бойында орналасқан тұрғын үй маңында жарықтың жоқтығын айта келген. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, саяжай қоғамдастықтарының ішіндегі электр желілері – оның мүшелерінің меншігі, олардың дұрыс және сындарлы жай-күйі үшін кооператив төрағалары жауап береді. Хайрат Дарежаттың айтуынша, бұл маңға салынатын 10 үй жоспарлануда. Ендігі кезекте барлық баспаналарымызға мүмкіндігінше жарық қоссақ дейді.
Кезекті қабылдауға келген барлық тұрғындардың мәселелері қаралып, әкім барлығының жағдайын қарап шығып, тиісті шаралар қолданатынын азаматтарға жеткізді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий