Томография кабинеті ашылды

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасында болып, емдеу мекемесіндегі жаңа компьютерлік томография кабинетімен танысты.
Аталған жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылып отыр. Өңір басшысы өз сөзінде бұл қала тұрғындары үшін тамаша жаңалық екенін, мемлекет тарапынан қызмет сапасына зор көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Бас дәрігер Бауыржан Жанғаловтың айтуынша, науқастың диагнозын анықтауда бұл құрылғылардың алар орны ерекше. Біріншіден, уақыт үнемдеуге септігін тигізеді. Заманауи қондырғы инсульт, тыныс алу органдары, қатерлі ісік, қанайналым, ас қорыту сияқты ағза жүйелеріне тәулігіне 20-25 зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Кабинет таңғы 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. – Компьютерлік томографияның басты ерекшелігі арнайы бағдарламаның көмегімен адам ағзасының барлық бөлімдеріне зерттеу жүргізуге болады. Рентген сәулесі адамның ішкі құрылысын анық көрсетеді. Арнайы бағдарламалық зерттеу арқылы науқастың диагнозы анықталып, қандай ем-дом қабылдауға болатынын шешеміз, – дейді бас дәрігер. Компьютерлік диагностика кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында және ақылы негізде жүзеге асырылады. Тексерілу құны 10 мыңнан 25 мың теңге аралығында болмақ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий