Тоғыз ай қорытындысы: негізгі міндеттер орындалды

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, қаланың үстіміздегі жылдың тоғыз айындағы экономикалық даму көрсеткіштері қорытындыланып, сараланды. Онда экономика және бюджет бөлімінің басшысы Гүлмира Шұқатова, қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Құсайыновалар баяндамалар жасады.

Баяндамашылар келтірген деректерге қарағанда Көкшетау қаласы үстіміздегі жылдың тоғыз айын барлық негізгі көрсеткіштер бойынша ойдағыдай қорытындылап отыр. Бұл әр айдың көрсеткіштерін қадағалау, белгіленген межеден ай сайын шығудың жемісі. Алдағы жұмыстарды жан-жақты жоспарлап алып, сол жос-парды күнделікті, тиянақты орындап отырудың маңызы зор. Мақсатты жұмыс қашанда нәтижесіз болмайды. Дегенменде, атқарған жұмыстарының өзін ақпарға дер кезінде енгізбей, кейін тартатын бөлімдер әлі бар. Әйтпесе, тоғыз ай қорытындысындағы кейбір көрсеткіштер бүгінгіден де жоғары болар еді. Жиын барысында қала әкімі Ермек Маржықпаев ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Еркеш Әленов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Андрей Подгурский, білім бөлімінің басшысы Бейбіт Жүсіпов, спорт бөлімінің басшысы Уәлихан Галеев, тағы басқалардан басқарып отырған бөлімдер жұмыстары жөнінен қосымша мәліметтер сұрап, біліп, тапсырмалар берді. Оқушылардың каникул кезіндегі демалысы, мектептерге жылу берілуі, қала тазалығы, жастардың әскер қатарына шақырылуы сияқты мәселелерді пысықтады.

– Күнделікті атқарылар жұмыстарға қоса, қолға алынған мем-лекеттік бағдарламалардың орындалуына барлық күш жұмылдырылсын, үнемі бақылауда, қадағалауда болсын. Тоғыз айды бәріміздің бір мақсатқа жұмылуымыздың арқасында ойдағыдай қорытындылап отырмыз. Бүгінгі нәтижеміз жылды жақсы аяқтауымызға іргетас бола алады. Тек алға қарай да осы қарқынды бәсеңдетпей, екпінді жұмыс жасай беруіміз керек, – деген әкім, табиғаттың тосыннан килігер мінезіне әрқашан дайын болуды жүктеді. Аяқ астынан қалың қар түсуі немесе көшелердің мұздаққа айналуы әбден мүмкін. Сондықтан, көше тазалайтын, қоқыс пен қарды шығаратын техника, адам күші үнемі дайын болуы керек.

Жиын соңынан Е.Маржықпаев облыс әкімінің шешімімен жаңа жұмысқа тағайындалған, бұған дейін өзінің орынбасары болып келген И.Юрченкоға қала үшін атқарған еңбегіне алғыс айтып, жаңа жұмысында табыстар тіледі. Аппарат мәжілісіне қалалық мәслихаттың хатшысы Еркін Исімбаев қатысты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий