Тоқсан бес түп көшет отырғызылды

Көкшетаудағы ағаш отырғызу акциясы Астананың 20 жылдығы, Халық банктің 95 жылдығы мен мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің күні қарсаңында ұйымдастырылды. Игі шараға қала әкімі Ермек Маржықпаев қатысты.

Қала әкімі мұндай акция күнделікті өміріміздегі біздің ортақ істеріміздің негізі болуы тиістігін, қоршаған ортаны таза ұстау бүгінгі жас ұрпақтың міндеті екенін атап өтті. Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің көтеретін жүгі ұшан-теңіз. Себебі қандай шара болмасын өнер адамдары мен мәдениет қызметкерлерінің қатысуынсыз бітпейтіні анық. Банк қызметкерлерінің мерекеге орай жаңа Неке сарайының саябағына ағаш егу акциясын ұйымдастыруы ерекше сый болғанын айтады қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Айгүл Сәбитова.

Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесін тигізу үшін акцияға Халық банк Ақмола филиалының қызметкерлері барынша атсалысты. Акцияға 200-ге жуық адам қатысып 95 түп ағаш көшеттерін отырғызды. – Қаламызда ағаш егудің игі дәстүрге айналғаны бізді қуантады. Банк қызметкерлері қаланың көркеюіне атсалысып, үлгілі істерімен үлкен шараға үлес қосуды мақсат еттік. Бүгінгі еккен көшеттеріміз бірнеше жылда жайқалып өсіп, шаһарға сән беріп қана қоймай, ауаны да тазартады. Жазда көлеңкесінен сая тауып, тұрғындар да демалады. Сондықтан да ару қаламызға қанша жасыл желек ексек те артық етпейді», – деді Қазақстанның Халық банкі Ақмола облыстық филиалының директоры Гүлнар Құсайынова.

Табиғатты аялау – адамзаттың басты парызы. Табиғаттың тазалығы тек мерекелермен өлшенбесе керек-ті. Осы ретте, «Аналар кеңесінің» төрайымы Зере Қиықова: – Ағаш егу келешектің қамы, Экологиялық мәселе жылдан-жылға күрделеніп келеді. Оны жақсартуға барынша үлес қосуымыз керек. Көшеттерді тек біркүндік акция кезінде егіп қана қоймай, олардың жайқалып өсуін қадағау қажет. Мерейлі датаға орайластырылған акцияға жастармен қатар аға буын өкілдері да қатысудамыз. Болашақ үшін жасалынып жатқан игі істер үлкен ұйымшылдықпен, жоғары деңгейде өтуде, – деп пікірін білдірді.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий