Транспорт қызметкерлерін марапаттады

Облыс әкімінің орынбасары Василий Крыловтың қатысуымен «Достар» мәдениет сарайында транспорт қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өткізіліп, онда еселі еңбектерімен ел құрметіне бөленген бірқатар сала қызметкерлері марапатталды.

Мемлекет басшысы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Жолдауында транспорт секторы мен логистиканы Қазақстанның дамуының драйвері деп атап көрсетті. Бұл орайда транспорт саласында еңбек етуші қарапайым жұмысшыдан бастап лауазымды тұлғаларға дейін өміршең осы міндеттерді орындауда асқан жауапкершілік міндеттер жүктелері сөзсіз. Сол себепті де кәсіби мереке иелерінің атына көптеген жылы сөздер айтылды. Және де ел игілігі жолындағы еселі еңбектері еленіп, марапатқа да ие болды. Көкшетау автобус паркінің жүргізушісі Виктор Телицын, зейнеткер Құттыбек Балғабаев, «Степногорск автотранс» кәсіпорнының жүргізушісі Сергей Сарпило, «Сейнұр» фирмасының бөлім инспекторы Сәуле Калиханова «Еңбек ардагері» медалін алды. Бірқатар өндіріс озаттары облыс әкімінің Алғыс хатымен, «Үздік байланысшы» медалімен, «Құрметті теміржолшы», «Адал еңбегі үшін», «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен, «Кәсібі бойынша үздік» атағымен марапатталды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс