Турнир тартысты өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Красный Яр селолық округі әкімінің аппараты селодағы ұйымдар арасында үстел теннисінен турнир өткізді.

Жиналған қауымды Красный Яр селолық округінің әкімі Нұрлан Айсин құттықтады. Мерекенің мән-маңызына тоқталып, қатысушыларға сәт-сапар тіледі. Турнирде Красный Яр селосындағы №1, 2, 3 орта мектептер, «Әмина» балабақшасы, халыққа қызмет көрсету орталығы, №3 агротехникалық колледжі, «Ақсай нан» ЖШС филиалы, «Көкше» мәдениет үйі, «Қазақтелеком» ұжымдарынан құралған 9 команда белсенділік көрсетті. Сайыс қорытындысы бо-йынша №3 агротехникалық колледжі бірінші орынды жеңіп алса, «Көкше» мәдениет үйі екінші орынды,
№3 Красный Яр орта мектебі үшінші орынды олжалады. Турнир жеңімпаздары алғыс хаттармен марапатталды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий