Туған елдің ұланын қолдайық!

Сәндібек Нұршәріп «Нұр-Отан» партиясының белді мүшесі. 1986 жылы дүниеге келген. Білім саласында 15 жылдан аса қызмет етіп келеді. Зеренді ауданы, “Бәйтерек” орта мектебінің директоры. Президенттік сайлауда сенімді адам ретінде тағайындалған. Ауылдық сайлау учаскесінің төрағасы. 2016 жылдан депутаттыққа үміткер ретінде тесттен өтіп, қазіргі таңда  резервте тұр.     Ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануы мақсатында спорттық кешендерді салуды жоспарлап отыр.       ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізген «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДИРЕКТОРЫ» атты республикалық байқаудың жеңімпазы, «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДИРЕКТОРЫ» төсбелгісімен марапатталған. «НҰР ОТАН» партиясы бағдарламаларына есептік кезеңде ұйымдастырушылық үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталған.  Мектеп оқушылары мен ауыл жастарының салауатты өмір салты мен білім деңгейін шыңдау мақсатында Байтерек орта мектебінде Қасенов Талғат Бақытұлы атында шахмат кабинетінің, бой көтеруіне бірегей ат салысқан. Праймеризге қатысу арқылы ең алдымен өңірдің дамуына үлес қоспақшы. Сайлауалды бағдарламасында ең алдымен “Әкелер Одақтастық» ұйымдарын құру тұр. Сапалы білім, саналы тәрбие беретін ұстаздардың мәртебесін көтеріп, мұғалім мәртебесін мектепте, білім беру саласында ғана емес қоғамда да көтеруге күш салмақ. Білім беруді, денсаулық сақтау және мәдениетті дамытуға ат салысу.  Әлеуметтік мәселелерге тұрақты мониторинг жүргізу. Ауыл мектептеріндегі оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында арнайы қоғамдық бірлестіктермен, қосымша білім беру орталықтарымен, Назарбаев зияткерлік мектептерімен, ЖОО мен меморандумға отырып, бақылау сынақтарын, тәжірибе алмасу семинарларын тұрақты өткізуді жоспарлап отыр. Жастар үшін өңірде бастамаларды қолдап, жұмыс орындарын құру. Жоғары оқу орындарының түлектері арасынан кадрлар резервін құру. Жас мамандардың бастамалары мен ұсыныстарының базасын құру. Сонымен қатар, отбасылық бизнесті дамытуға үлес қосу! Бұл бастама жұмыссыздық мәселесін шешуге көмектеседі деген нық сенімде!

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий