«Туған жер» жол қозғалысы байқауы

«Звездный» балалар сауықтыру орталығында «Туған жер» жол қозғалысы жас инспекторларының 17-ші облыстық байқауы өтті.

Үш күн бойы ақмолалық жас инспекторлардың 12 отряды «Саптық байқау», «Жас реттеушілер», «Автоқалада велосипедпен жүру», «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері», «Жас санитарлар», «Білімдар жарысы», «Үгіт бригадаларының сайысы», «Жол қозғалысының үздік насихаттаушысы», «Фигуралық жүргізу», «Ашық өзгеріс» аталымы бойынша сынға түсті. Әр командадан шеберлік талап еткен бұл сайыс-та Есіл ауданының «Крутой поворот» отряды бірінші орынды, Ақкөл ауданының «Светофор» отрядының білгірлері екінші орынды иеленсе, Бұланды ауданының «Жол сақшысы» отряды үшінші орыннан көрінді. Барлық қатысушылар бағалы жүлделермен, дипломдармен марапатталды.
Аталым бойынша мыналар жеңімпаз атанды: «Жас білімдар» сайысында Көкшетау қаласының «Светофор» отрядынан Евгения Солонарь, «Фигуралық жүргізу» сайысында Целиноград ауданы «Жас қыран» отрядынан Аяжан Советова, Есіл ауданы «Крутой поворот» отрядынан Қуаныш Аманжол, Ерейментау ауданы «Сұңқар» отрядынан Ротай Бақытжан мен Зеренді ауданы «Талантты жас көмекшілер» отрядынан Айбота Әутәліпова, «Жас реттеуші» сайысында Есіл ауданы «Крутой поворот» отрядынан Асылтас Айтмұхамбетов, «ЖҚЕ білгірлері» сайысында Көкшетау қаласының «Светофор» отрядынан Данил Герасимов, «Жас санитар» сайысында Атбасар ауданы «Бағдаршам» отрядынан Александр Гончаров, «Үгіт бригадасы» сайысында Ақкөл ауданының «Светофор» отряды, «Саптық байқау» сайысында Степногорск қаласының «Бірлік» отряды. «Ашық өзгеріс» сайысында басшы-тәлімгерлер арасында Еңбекшілдер ауданы «Перекресток» командасынан Әсел Шайсұлтанова үздік атанды, «Жол қауіпсіздігінің үздік насихаттаушысы» сайысында жеңімпаздар қатарынан Степногорск қаласының полиция қызметкері Азамат Молдыбаев көрінді. Есіл ауданы «Крутой поворот» командасы байқау жеңімпазы ретінде 12-21 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысында өтіп жатқан жас жол қозғалысы инспекторларының республикалық байқауына қатысуда.

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс