Тігін машинасын сатып әперді

Өткен жылы Ақмола облысы бойынша «Даму» қорына саңыраулар қоғамының басшылығынан тігін машиналар  әперу жайында өтініш хат түсті. Кәсіпорында 15 тігінші, оның ішінде 10 мүмкіндігі шектеулі қызметші, төсекжаймалар, халаттар, матрацтар тігумен айналысады. «Өндірісте  бәсекелестік өте жоғары. Сондықтан кәсіпорынды ұстап тұру өте қиын. Ал, құрал-жабдықтар болса моральдық және табиғи жағынан ескірген және жиі істен шыға береді. Сол себепті пайда үшін емес, жұмыс орындарын сақтау үшін еңбек етуге тура келеді», – дейді саңыраулар қоғамының басшысы Любовь Сенченко. Көкшетаулық бір кәсіпкер саңыраулар қоғамының өтінішіне сергектік танытып, «Даму-Көмек» бағдарламасы шеңберінде тігін машинасын сатып әперді. «Даму» қорына осы тақылеттес өтініштер көптеп түсуде. Сол себепті көмек көрсетуге ниетіңіз болса мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 46 а/1. Тел.: 8 (7162) 55-11-19, 55-11-18, 55-11-14.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жемқорлықпен күрес жөнінде «Салық» бастауыш партия ұйымының жиналысы болды. Онда Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының бес басым бағытына назар аударылып, жиналысқа қатысушылар «Жемқорлықсыз ел – өркендеген ел» жобасымен таныстырылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс