Тілектер ескеріледі

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев кеше азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Бұл жолы тұрғындар жер және баспана мәселелерінен басқа, аулаларды абаттандыру және Зеренді жолының бойындағы саяжайлардың инфрақұрылымына қатысты өзекті мәселелерді алға тартты. 

Застанционный кенті-нің тұрғыны зейнеткер Таисия Коноплина үй маңындағы қардың дұрыс тазартылмайтындығын, көпірдегі және «Екінші кірпіш» көшесіндегі жарықтың әлсіздігін, Ақан және Станиславский көшелерінің қиылысында автомобиль қозғалысын шектеу жөнінде өтініш білдірді. Ермек Боранбайұлы қарияның бұл тілектерін жаз айларында толығымен шешу үшін тиісті мекемелерге нақтылы тапсырмалар берді. Петр Кузьменко мен Рашида Казбекова судың жоқтығынан көптеген саяжайлардың жұмыс істемейтіндігін тілге тиек етті. Тіпті, жаз айларында да автобус қатынасын-да іркілістердің жиі орын алатындығын айтты. Осы орайда биыл осы саяжайға қатынайтын №32, 35, 36 маршруттар бойынша жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Осы мақсат үшін 15 миллион теңге қаржы бөлінді. Саяжайлардың тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етудегі маңыздылығын ескере отырып, су құбырларын қайтадан қалпына келтіру және электр жарығын тарту үшін қосымша 5 миллион теңге қаржы бөлу ұйғарылды. Құралай Жұқашеваның ұлы Қанат жеке өзі төрт баланы тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда Буденный көшесі №60 мекенжайдағы ол тұратын жатақхана бөлмесі суық екен. Ал, Қанаттың өзі толық емес отбасы категориясы бойынша баспахана кезегінде 2733-ші нөмірде тіркелген. Қала әкімі тұрғын үй-коммуналдық және жер қатынастары бөлімдерінің басшыларына қазіргі тұрып жатқан бөлмесін жекешелендіріп, саяжай аумағында үй салу үшін жер бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс