Тілім менің – тірлігімнің тірегі

Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деп Елбасы айтқандай, Застанциондық қалалық үлгілі кітапхана «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты іс-шара өткізді. Мақсаты: мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру және мемлекеттік тілді меңгеруге деген ұмтылысты қалыптастыру. Кітапхананың оқырмандары, №14 орта мектептің оқушылары Лиза Соснова, Тимофей Кобрусев, Дарья Черевик, Маргарита Гротская викторинаға белсенді қатысып, сонымен қатар қазақ тілін жақсы меңгергенін, сүйіспеншіліктерін, қазақ тіліне сыйластығын көрсете білді. Алдарына қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Тіл – ата-бабамыздың ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да қазақ тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – әр қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.

Қорлығайын НӘКЕШЕВА,

Застанциондық қалалық үлгілі кітапхананың меңгерушісі

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий