Тіл жанашырлары марапатталды

Көкшетауда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыруға үлес қосқандар марапатталды. Салтанатты шара Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндікті қорытындылау аясында өтті. Мемлекеттік тіл мерейінің үстем болуы алдымен сол елдің азаматтарына байланысты. Бұл күні осындай 20 тіл жанашыры қала әкімі Амангелді Смайыловтың қолынан алғыс хат алды. Олар өңірдегі тіл саясатын жүргізуге өз үлесін қосып жүрген жастар, ұстаздар, БАҚ өкілдері, түрлі мекеме қызметкерлері. Марапатталғандардың арасында «Көкшетау» газетінің жауапты хатшысы Гәкку Асылбекқызы, фототілші Валентина Отт да бар. Сондай-ақ, кітап жазып, ғылымға ден бұрған жас жазушылар да қала басшысының алғыс хатын алды. Олардың бірі 5 әдеби кітаптың авторы 21 жасар Томирис Саматова. «Менің басты мақсатым – өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу. Мен өзім мұғалім ретінде айтарым, біздің елде өзге мемлекеттермен салыстырғанда кітапқа деген қызығушылық деңгейі төмен. Сондықтан, мен осы бағытта еңбек етсем деймін. Оқырмандарымды өзге ақын-жазушылардың, музыканттардың шығармашылығымен таныстырғым келеді», – дейді Томирис. Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналған осы онкүндікте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 300-дей іс-шара өткізді. Көбі – онлайн форматта.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий