Тіл жанашырлары – тілшілер марапатталды

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орайластырылған «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» облыстық конкурсының іріктеу кезеңін өткізген болатын. Қазылар алқасы шешім шығарып, облыстық, аудандық және қалалық газеттер мен теледидар тілшілерін марапаттау рәсімін өткізді. Шараны ашып жүргізген облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Жақыпова журналистер қауымына алдағы уақытта да сәттіліктер тіледі. Қазылар алқасының төрағасы, «Президент және халық» газетінің меншікті тілшісі Бақберген Амалбек алдағы уақытта қазақ тілін дамыту бағытындағы материалдарды ширата түсу қажеттігін айтты.

Конкурс екі номинация бо-йынша өтті: 1. «Үздік мақала»; 2. «Үздік телебағдарлама». Конкурс ережесіне сәйкес мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялаған журналистер қатысты. Оған қатысуға қалалық және аудандық газеттер мен телеарнадан барлығы 15 өтінім келіп түсті. Ұсынылған материалдармен танысып, талдай келе, қазылар алқасы «Үздік мақала» номинациясы бойынша І орынды Бәйішева Гәкку Асылбекқызына («Көкшетау» газеті), ІІ орынды Нұрсейітов Марат Мырзайұлына («Акмолинская правда» газеті), ІІІ орынды Ахметқалиева Ырысалды Төлегенқызына («Арқа ажары» газеті) беру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, қазылар алқасының ұйғарымымен Оспанов Дәулет Әмірұлына («Бұқпа» газеті»), Сатыбалдинова Аружан Қанатқызына («Степной маяк» газеті), Маханов Руслан Жалғасбайұлына («Аршалы айнасы» газеті) ынталандыру сыйлығы берілді. «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша І орын Шамшиева Фариза Рахмедуллақызына («Степногорск қаласының Медиа орталығы» ЖШС, 9 канал), ІІ орын Манарбек Ауғанбек Манарбекұлына («РТРК «Қазақстан» АҚ Ақмола облыстық филиалы) берілді.
«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий