Тіл мәртебесін көтеру өз қолымызда

Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған салтанатты жиын Достық үйінде өтіп, онда облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалин баяндама жасады. Жиын барысында мемлекеттік тілге жанашырлық танытып, өскелең ұрпақты отансүйгіштік бағытында тәрбиелеп келе жатқан ұстаздар, қазақ тілін дамыту үшін еңбектеніп жүрген түрлі сала мамандары, өзге ұлттың жастары марапатталды.

Еңбекшілдер ауданының орталығы Степняк қаласындағы №1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айжан Ешімтаева шәкірті Юлия Кузьменконың ғұлама ғалым Абайдың өлеңдеріне деген сүйіспеншілігіне тәнті. Ол аудандық, облыстық байқауларда бағын сынап, жүлделі орындардан көрініп жүр. Ұлы ақынның 50 өлеңін жатқа білетін шәкірті өткен жылы облыстық «Абай оқулары» байқауының бас жүлдесін жеңіп алыпты. Олардың бүгінгі жиынға келу себебі де сондықтан екен. Шәкіртінің бойында қазақ тіліне деген сү-
йіспеншілікті оята білгені үшін Айжан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалиннің қолынан алғыс хат пен сыйлық алды. «Өңір бойынша халықтың қазақ тілін білу деңгейі 65 пайызды құрап отыр. Алдағы екі жылда оны 95 пайызға жеткізуді көздеп келеміз, – деді өз сөзінде басқарма басшысы. – Бүгінде балабақша балдырғандарынан бастап мемлекеттік тілде сөйлеп, ойын ашық жеткізе алатын деңгейге жетіп келеміз. Бұл – үлкен жетістік. Тіл – қашанда халықты біріктіруші фактор. Сондықтан қазақ тілінің мәртебесін биіктетіп, болашағын жарқын етуге бәріміз ат салысайық. Салтанатты жиын барысында облыс әкімінің Алғыс хатына Ақкөл ауданындағы №1 балабақша меңгерушісі Мүнира Төлегенова, тілдерді дамыту басқармасының бөлім меңгерушілері Алпыс Бекенов пен Әділжан Әмірханов ие болды. Сондай-ақ, облыстық тілдерді дамыту басқармасының, мәдениет басқармасының, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының алғыс хаттарымен бірқатар ұстаздар, мемлекеттік қызметкерлер марапатталды. Жалпықазақстандық «Мәңгілік ел» тақыбырындағы диктант жазуда «Өте жақсы» деген баға алған Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкері Күнсұлу Нұрғалиева, «Бари» армян ұлттық орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Светлана Егикян, «Көкшетау қаласы тарихы» музейінің қызметкері Эльмира Жұмағұлова да сыяпатқа ие болды. Көкшетау қаласы әкімінің Алғыс хатын қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Саягүл Тушанова мен «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-нің бас директоры Әсия Шәрімова иеленді. Салтанатты жиынға қатысушылар науқас балаларға арналған қорға қаржы салды. Бұл – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясындағы 25 игілікті істің бір парасы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс