Түлектер қанат қақты

Көкшетау қаласындағы мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды. Облыс орталығындағы №2 мектепті 63 бала бітірді. Оның екеуі «Алтын белгіге» ие болды. 1 оқушы ерекше үлгідегі аттестат иегері атанды. «Алтын белгі» иегері Аружан Шәріпова үшін бүгін ең сәтті күн. Ол мектеп қабырғасында оқыған жылдарын сағынышпен еске алатын болады. Себебі, бақытты балалық шағы осында өтті. Ол ата-анасы мен ұстаздарына алғысын білдірді. Медицина мамандығын таңдағалы отырған түлек білікті дәрігер болуды армандайды. «Алтын белгі» иегері Айханым Найзабектің де арманы асқақ, мақсаты биік. Ерекше үлгідегі аттестатқа ие болған Дильназ Жұлкен де өзі таңдаған мамандық иесі атану жолында барын салмақ. Жалпы, Көкшетау қаласы бойынша биыл 963 жас мектеп бітірді, оның – 66-сы «Алтын белгіге», 26-сы ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий