Түркістанның киелі жерлерін аралады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «TÁÝELSIZ JASTAR KERÝENI» жобасы аясында Ақмола облысының жастарына, соның ішінде белсенділер, еріктілер мен түрлі мекемелердің қызметкерлеріне түркітілдес әлемнің ең танымал мәдени-тарихи және киелі орталықтарының бірі – Түркістан қаласына сапары ұйымдастырылды. Экскурсия киелі орындарды, қаланың көрікті жерлерін аралаудан, жаңа сәулет нысандарын шолудан, «Жұлдызды кеш» таланттар шеруін, сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне экскурсиядан тұратын толық бағдарламаны қамтиды. «Қазақстанның қуаң даласының ортасында орналасқан Түркістан қаласы – туризм саласы тарихының нағыз сыйы. Мен киелі орындарға барған кезде жоба қатысушылары өздері үшін көптеген пайдалы ақпарат алатынына, басқа қалалардағы әріптестерімен сөйлесетініне, сондай-ақ, көптеген жағымды эмоцияларға ие болатынына сенімдімін. Біз осы қасиетті орынға бару мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуа-
ныштымыз», – деді Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий