Тұмаудан сақтан

Жіті респираторлық вирустық инфекцияға қатысты өңірдегі ахуал жайлы журналистермен болған брифинг барысында жергілікті дәрігер-мамандар айтып берді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Зульфира Намазбаеваның айтуынша, тұмаудың асқынған түpi тіркелмеген. Өңірде аталған жұқпалы ауруға қатысты ахуал қалыпты жағдайда. Барлық медицина мекемелерінде маска режимі енгізілген.
Эпидмаусым басталғалы жіті респираторлық вирустық инфекцияға қатысты 1549 адам тексеруден өткен. Олардың басым бөлігi 14 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер. 5 ересек адамға тұмау диагнозы қойылған. Бүгінгі таңда медицина мекемелері жай күндері жұмыс күнін кешкі сағат 20.00-ге дейін, демалыс күндері кешкі 18.00-сағатқа дейін ұзартқан. Вирустық инфекцияны жұқтыруға уақытында егу шарасын алмау себеп болады. Биыл тұмауға қарсы вакцинаға 44 миллион теңге бөлініп, 52 мың 935 адамға егілген. Алайда, соңғы кездері вакцина алудан бас тартатындар жүкті әйелдер арасында жиілеген. Ery шарасына қатысқан адамда тұмау жеңіл өтеді, ал жүкті әйелдерге бірінші кезекте іштегі баласының денсаулығын ойлау аса маңызды. Қалалық емхананың бас дәрігері Ғалия Сабатаеваның айтуынша, желтоқсанның 6-ы мен қаңтардың 10-ы аралығында вирустық инфекциямен дәрігерге 1040 адам қаралған, бірақ оларда тұмау бары анықталған жоқ. Қызуы көтеріліп, жөтел қысып, көмек сұрай келетін науқастарға емханада арнайы cүзгі кабинеті жұмыс істейді. Жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Беспалова қызуы көтерілгендер, жарақат алғандар және қан қысымы жоғарылағандар жиі қоңырау шалатындығын айтты. Қазір 10 желілік және 3 арнайы бригада күні-түні қала тұрғындарына көмек қолын созуда. Кейде мамандар телефон арқылы да кеңес береді. Желтоқсанның 31-і мен 9 қаңтар аралығында 144 адамға нұсқау берілген. Үш жасқа дейінгі балалар epeкше назарда. Әcipece, бip жасқа дейінгі сәбилер ауырып қалса, бірден облыстық балалар ауруханасына жөнелтіледі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс