Тұрақты комиссияда қаралды

Көкшетау қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Оның жұмысына қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат хатшысы Б.Ғайса, мәслихат депутаттары қатысты.

Жиынды тұрақты комиссияның төрағасы Рүстем Қалышев ашып, қатысушыларды күн тәртібіндегі сұрақтармен таныстырды.

Алдымен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Марат Жүнісов  2017 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша жиналғандар алдында есеп берді. Қала әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясымен 20 мәжіліс өткізілген. 1398 азамат тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебіне енгізілген. 360 адамның өтініші кері қайтарылған Жекешелендіруге қатысты 65 азаматтың өтініші қаралған. Өткен жылы қала жолдарының күрделі, ағымдағы жөндеулеріне 1924 миллион теңге, аулаларды жөндеуге 1050 миллион теңге қаражат бөлінген. Халық қалаулылары қалада ең өткір мәселеге айналып отырған баспана мәселесі бойынша тұрғындар өтініші жан-жақты тексерілуі қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, қаладағы Бейбітшілік мөлтек ауданы тұрғындарының жылу құбырын өткізуге қатысты өтініштері қайта қаралуы тиіс.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметтеріне жүгінсек, көппәтерлі үйлердің 129-ы
қанағаттанарлықсыз күйде. 89 көппәтерлі үй лифтімен қамтылған. Республикалық бюджет есебінен 63 үйге 1305,5 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген.

Жиында қалалық құрылыс, архитектура, сәулет-құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй инспекция-сы бөлімдерінің жетекшілері баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді. Кейбір мәселелер жөнінде жауапты тұлғаларға мәслихат хатшысы тарапынан сын-ескертпелер айтылды.

Ә.ЖҮНІС.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий