Тұрғындардың пікірі әрдайым назарда

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл күні қабылдауға қаланың үш тұрғыны келіп, мәселелерін жеткізіп, оларды шешу жолдарын қарастыруды сұрады.

Қала басшысы баспана, қаладағы әлеуметтік, коммуналдық проблемалар бойынша тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, пікірлесті. Қала тұрғыны Таисия Коноплина Застанционный поселкесіндегі пошта бөлімшесін ашу, абаттандыру, көшелерді жарықтандыруға қатысты мәселені алға тартты. Абаттандыру жұмыстарының кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын айтқан қала басшысы биыл Станиславский көшесіне, Чайкинодан Мехкалонна, аялдамасына дейінгі және РК-2 бу қазандығына дейінгі жолға ағымдағы жөндеу жүргізілгендігін атап өтті. Сондай-ақ Маяковский көшесі тегістелген.  Өзін Александр Сумский деп таныстырған қала тұрғыны тұрғын үйін жекешелендіруге көмек сұрай келіпті. Өтініш иесіне  мәселенің мән-жайы түсіндіріліп, мамандарға хабарласуға кеңес берілді. Красный Яр селосында тұратын Серік Дүйсембаев қоқыс контейнерлеріне қатысты мәселені алға тартты. Қабылдауда көптің көкейіндегі  сауалдарға ден қойған әкім әлеуметтік  мәселелерді алға тартқан  жандардың ұсыныс-тілектерінің заңдылығына сәйкес орындалатынын айтып, тиісті салалар мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий