Тұрғындарды қабылдады

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген әр тұрғынның әртүрлі себеп-уәжі болды, қала басшысына өз мәселелерін айтып, барынша көмектесуді сұрады.

Зельма Пятигорная есімді зейнеткер екі немересімен бірге тұрып жатқан жер үйінің құлағалы тұрғанын айтып, әкімнен көмек сұрады. Айтуынша, 2016 жылдан бері жер телімдерін алу үшін кезекке 11389-шы болып тіркелген. Биыл әкімдік тарапынан бір реттік 72150 теңге материалдық көмек көрсетілген. Әкім қала бойынша 300 отбасы материалдық көмек алғанын, орын алған жағдайды арнайы комиссия тексеретінін жеткізді.
Қабылдауға жазылған «Фомин» жеке кәсіпкерлігінің сатушысы Игорь Малахов мемлекеттік қызмет жұмысындағы келеңсіздіктерді алға тартты. Өз сөзінде жұбайына марқұм ата-анасы мұраға қалдырған жер телімін заңдастырып, мемлекеттік акт алу барысында кабинеттен-кабинетке жүгіріп, сандалғанын, сондай-ақ, ағаш шебері, электрик мамандықтары бойынша дипломы барына қарамастан жалақысы жоғары жұмыс таба алмай жүргенін қынжыла баяндады. Әкім қарамағындағы жауапты мамандардың жұмысы қадағалауда болатынын айтты. Алайда, өтініш иесінің қалада жалақысы жоғары жұмыс жоқ деген пікірімен келіспейтінін, облыс орталығындағы «Камаз-Инжиниринг», «КАИК» сияқты ірі кәсіпорындарда жұмысшы мамандардың біліктілігіне қарай жоғары мөлшерде жалақы алып отырғанын мысалға келтіріп, аталған кәсіпорындардың біріне жұмысқа орналастыруға уәде берді. Барлық өтініштер бойынша азаматтарға түсініктеме және нақтылы жауаптар берілді. Тиісті бөлім басшылары да туындаған сауалдардың шешімін табуы назарға алынатынына уәде берді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий