Тұрғындарды қабылдады

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген әр тұрғынның әртүрлі себеп-уәжі болды, қала басшысына өз мәселелерін айтып, барынша көмектесуді сұрады. Шолпан Ақтаева есімді қала тұрғыны жатақхананың бір бөлмесінде бес баламен тұрып жатқанын айтып, үй алуға көмек көрсетуді өтінді. Қалада баспана кезегiнде 11 мың адам тұр. Оның 837-сі жетім балалар. Қала басшысы барлық үй сұраушының жағдайы әбден тексеріліп, мәселесі заңға сәйкес шешімін табатындығын нықтап ескертті. Барлық тұрғынның жағдайы бірдей, біреудің тұрмыс жағдайының ауырлығына қарап, кезекте тұрған өзге адамды ығыстыруға болмайтындығын, мүгедектер мен жетім балаларға, сондай-ақ, аз қамтылғандарға да мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықтар заң шеңберінде жалғаса беретіндігін атап көрсетті. Қала тұрғыны Қайрат Белгібаев футбол алаңын салу үшін жер алуға көмек көрсетуді өтінді. Қала басшысы аталған мәселені шешу үшін мүмкіндіктер қарастырылып жатқанын жеткізді. Қабылдауға жазылған Мағауия Рахымбергенов еңбек қауіпсіздігі мәселесін алға тартса, Владислав Холин шығармаларын жарыққа шығаруға қолдау көрсетуді сұрады. Қабылдау барысында көптің көкейіндегі  сауалдарға ден қойған әкім әлеуметтік  мәселелерді алға тартқан  жандардың ұсыныс-тілектерінің заңдылығына сәйкес орындалатынын айтып, тиісті салалар мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий