«Тұрғындарға қолайлы жағдай туғызылып, сапалы қызмет көрсетілсін»

Қала әкімі Ермек Маржықпаев облыс орталығындағы тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің жетекшілерімен жиын өткізді. Расында да, жаз айларында түрлі демалыс, ойын-сауық орындары көптеп ашылады. Ол – жақсы. Балалар жазғы каникулға шығып, тұрғындардың бірқатары демалыс алып, жылдың осы жаймашуақ күндерін барынша тиімді пайдалануға тырысады. Сондықтан, демалыс орындарының неғұрлым көп болғаны орынды. Сонда, кезекке тұрып, сарылып күту болмайды. Биыл, іргедегі Қопа көліндегі жағажайларда кәдімгідей серпіліс, алға басу бар.
Дегенмен, осындай орындарды ашушылар тек қана табыс табудың соңына түсіп кетпеуі керек. Ең алдымен қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылсын. Әсіресе, судан құтқару мәселесі әбден ойластырылып, мамандар мен қажетті техника сақадай сай тұрсын. Өзге өңірлерден түсіп жатқан хабарлардан көл-суға түсушілердің зардап шегушілер көп екені байқалады. Екінші мәселе қызмет көрсетудің сапасы. Санитарлық тазалық қадағаланып, қызмет көрсету мәдениеті жоғары деңгейде болсын.
«Осындай талаптардың бәрі орындалып, қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай туғызылсын» деп қорытты ойын қала басшысы.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий