Тұрғындар баспаналы болды

Өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған игі шаралар жалғасын табуда. Ақмола облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатқандығын атап өтуге болады. Астана күнін мерекелеу шеңберінде Көкшетауда бес қабатты 30 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін тапсыру рәсімі өткізілді. Жиын барысында құттықтау сөз алған Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Құрметті жерлестер, қымбатты көкшетаулықтар, баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жас елорданың мерекесі әрбір қазақстандық үшін маңызды. 23 жыл ішінде еліміздің Астанасы экономикалық және мәдени орталыққа айналды. Мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға береке, қуаныш тілеймін. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын!», – деп жұртшылыққа жүрекжарды тілегін жеткізді. Сарыарқа 9/10 мекенжайының жаңа тұрғындарына кілт табыстау рәсімі Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Уақыт Бейсембаевқа берілді. Тұрғын үй иелеріне ақсақалдар тарапынан бата айтылып, құттықтаулар жауды. Шара соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Айғаным ЕРБОЛҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий