Тұрғындар көңілінен шықты

Келіп жеткен қыстың алғашқы аязы бет қарыған желтоқсанның сегізінші жұлдызы күні «Алтын ғасыр» сауда үйінің алаңында облыс аудандарының қатысуымен жәрмеңке өтті. Мерекелер қарсаңында арзан бағамен сапалы азық-түлік сатып алуға мүмкіндік туғанына тұрғындар дән риза болды.

Бұл жолы жәрмеңкеге 22 тонна ет және шұжық өнімдері, 5 тоннаға жуық балық, 150 мың дана жұмыртқа, 6 мың тоннадан астам сүт және сүт өнімдері, тағы басқа азық-түлік әкелініпті. Қоржындарын қолайлы бағамен алынған сапалы өнімге толтырған тұрғындар Көкшетау қаласы өнерпаздарының концертін де тамашалады.

Жәрмеңкені облыс әкімі М.Мырзалин мен қала әкімі Е.Маржықпаев аралап, көрді.

А.ШӘРІПБАЕВ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий