Тұрғындар мәселесі талқыланды

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса қала тұрғындарының жеке мәселелерін тыңдап, әр сұраққа жауап беріп, кей тұрғындардың жағдайын шешу үшін тиісті қызметкерлерге тапсырма берді. Бұл жолы қабылдауға үш бірдей тұрғын баспана мәселесімен келген.

Алғаш болып өз жағдайын түсіндірген Балғадиша Мамаева мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу мәселесі туралы сөз қозғады. Биылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша Балғадиша Мамаева «бюджеттік ұйым қызметкері» санаты бойынша 2006 жылғы 3 ақпандағы өтінішке сәйкес 23-кезекте тұр. «Дәл қазіргі таңда жалдамалы пәтерде тұрамын. Үй суық. Жылу кеш беріледі. Денсаулығым болса нашар. Кезекте тұрғаныма 15 жыл болды. Ендігі кезекте тезірек баспаналы болсам деймін», – деп өтінішін жеткізді Балғадиша Балташқызы. Дәл осы мәселемен Мырзабек Аяғанов та қабылдауға келген. Еңбек ардагері 2021 жылғы 23 қыр-
күйектегі жағдай бойынша 2019 жылғы 8 мамырдағы өтінішке сәйкес «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде №2 тізім бойынша 2764-ші болып тіркеуде тұр.
Асхат Кенжебаев жатақханадан бөлме бөлу мәселесі бойынша келген. Әкесі Бақыткерей Кенжебаев 2021 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша Көкшетау қаласы әкімдігінің 17.04.2014 жылғы қау-
лысына сәйкес «жасына байланысты зейнеткер» санаты бойынша №2 тізімде 816-шы болып кезекте тұр. Отбасы құрамы – 5 адам. Қазіргі таңда тұрып жатқан бір бөлмелі жатақхана аздық ететінін жеткізді. Өйткені аядай бөлмеде бес адам өмір тұрады. Баласы Асхат Кенжебаевтың айтуынша, ата-анасы мүгедек жандар қатарынан.
Арман Исабаев 8 және 7 саяжайдағы жарық қосу мәселесін алға тартты. Ол кооператив төрағасы бұған рұқсат бермейтінін және мәселені шешу бойынша комиссия құруға көмек көрсетуді сұрады. Әлібек Құсайынұлы есімді қала тұрғыны Тәшенов көшесі, 162 және 8 март көшесі бойындағы «Менің өлкем» коттедж қалашығы аумағынан қар суын бұру және жолдарды жөндеу мәселесі бойынша келген. Қабылдау барысында тұрғындарға жан-жақты түсінік беріліп, айтылған мәселелер тиісті органдарға жеткізілетіні айтылды.

Айғаным АСЫҒАТОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий