Тұрғындар мәселесі тыңдалды

Қала әкімі Амангелді Смайыловтың кезекті қала тұрғындарын қабылдау отырысы онлайн форматта өтті.
Қабылдауға келген қала тұрғыны Николай Сергеевич Ақан сері, 73 мекенжайында абаттандыру жұмыстарының жүргізілмегенін, осы көшенің 75, 76, 78 үй тұрғындары кей күндері жарықсыз отыруға мәжбүр екенін алға тарты. Қала тұрғындарының өтінішін арқалай келген азаматқа қала әкімі бұл мәселелерді шешу қолға алынатынын, аулаға қоқыс жәшіктері орнатылатынын жеткізді. Марина Юрьевна есімді тұрғын Әуелбеков, 84 мекенжайы тұрғындарының ауламыз өте тығыз, көліктерімізді қоятын жер де қалмады деген наразылығын жеткізді. Аулалар тарылып жатса да, құрылыс жұмыстары жоспарланған. Үй иелері биік ғимараттар тұрғын үйлерге жарық түсірмейтінін айтады. Қала әкімі ұсыныстарды мұқият тыңдап, мәселені өз бақылауында ұстайтынын айтты.
Роза Айдуловна – зейнеткер. Ол 2016 жылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұр. Жалғызбасты ананың барар жер, басар тауы қалмаған. Пәтер кезегінде 1715-ші болып тіркелген. Алайда, кезек келмей ешкімнің пәтер алуға мүмкіндігі жоқ екенін атап өтті қала әкімі. Балаларым далада қалмасын деп шыр-пыр болып жүрген Алена Владимировна әкім қабылдауына келіп көмек сұрауға мәжбүр. Балаларын әкесіз тәрбиелеп жатқан ана жалғыз өзіме қиындық туып жатыр дейді. Дәл бүгінгі күнге дейін қаражаттың жетіспеуінен бірнеше пәтер жалдап тұруына тура келген. Бас-паналы болу мақсатында кезекте жетім балалар санатымен 494-ші орында тұрған ана кезегі келгенше қала әкімінен көмек сұрады. Жауап ретінде Амангелді Смайылов пәтер алу кезегі келгенше жатақханадан орын береміз деп уәде етті.
Сұрақтарына жауап іздеп келген әр азаматтың өтінішіне нақты жауап қайтарылды.

Айғаным АСЫҒАТОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий