Тұрғындар талабы – назарда

Бақыт Нұрғалиева есімді қала тұрғыны өзі тұрып жатқан үйдің жертөлесіндегі кальян-барды жабуға қатысты мәселе көтерді. Өтініш иесінің арызына байланысты арнайы тексеріс жүргізілген. Осылайша бардың санитарлық-эпидемиологиялық, гигиеналық талапқа сай келмейтіні анықталып, оның жұмысын тоқ-тату жөнінде шешім шығарылып, айыппұл салынған.
Жер учаскесіне байланысты сауалдарымен келген Серік Құдияровқа заңгерлер нақты жауап қайтарды. Ал, Людмила Третьякова бұған дейін ірі көлемде несие алған. Алайда, денсаулығының күрт төмендеп, қатты науқастануына байланыс-ты несиені өтей алмаған. Сот шешімімен банк өкілдері тұрып жатқан үйін тартып алмақ болып жатқанын айтып, көмек көрсетуді сұрады. Әкім осы мәселеге байланыс-ты жақын арада банк өкілдерімен кездесу ұйымдастырылатынын жеткізді. Қабылдауға жазылған Нағима Қожах-метова 2016 жылдан бері қалада пәтер жалдап тұрып жатқанын қынжыла баяндады. Тұрғын үй кезегінде 2483-ші болып тіркелген ол уақытша тұратын бас-панамен көмек көрсетуді сұрады. Әкім өтініш иесінің мәселесі бақылауда болатынына сендірді. Красный Яр селосының тұрғыны Абзал Ғалиев туғаннан есту қабілеті, сөйлеу мүмкіндігінен айырылған. Өтінішін қағазға жазып әкелген ол мүгедектігіне байланысты қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге жәрдем сұрады. Қала басшысы заңгерлермен кеңесіп, бұл мәселені шешуге көмектесетінін айтты. Разиға Әленова өзі тұратын аумақтағы жылу желілерінің жиі істен шығатынына шағымданды. Коммуналдық сала өкілдері тұрғындардың шағымына орай жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін баяндады.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий