Тұрғындар тілегіне құлақ түрді

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн-форматта қабылдады.
Қашықтықтан өткен қабылдауда Вернадский, 76, Железнодорожный, 83 үй тұрғындары Сәуле Қапарова мен Айгүл Қожахметова көктемде қар еріген тұста су басқандықтан, үйлері сыз тартып, қабырғаларының сылағы түсіп, едендері шірігенін айтып көмек сұрады. Әкім осы аумақта Қылшақты өзені тазартылып, жолдарға асфальт төселгенін айта келе, жақын күндері айтылған мекенжай бойынша арнайы комиссия тексеру жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.
Бірлік шағын ауданында тұратын Айгүл Қабиденқызы өткен жылдың сәуірінде үйін су басқанын айтып шағымданды. Оның айтуынша, бұған Жазира көшесіндегі жол құрылысы кезінде суағарлардың дұрыс орналастырылмауы себеп болып отыр. Қала басшысы жауапты мамандар үйді барып көретінін, осы аумаққа суағар орнатылатынына сендірді. Жайлау шағын ауданының тұрғыны Лидия Жабина 1988 жылдан бері пайдаланып келе жатқан гаражға тиесілі құжаттары болғанымен иелік ете алмай отырғанын алға тартты. Әкім сала басшыларына өтініш иесіне құжаттарын дұрыс ресімдеуге көмек көрсетуге тапсырма берді. Кенжегүл Төлепбергенова есімді қала тұрғыны төрт баламен пәтер жалдап тұратынын айтып, баспанамен қамтуға көмек сұрады. Айтуынша, пәтер кезегіне былтыр ғана тұрған. Қала басшысы тұрғын үй кезегінде тұрғандарға баспана заң шеңберінде тек кезек бо-йынша берілетінін айтып түсіндірді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий