Тұрғындар тілегіне құлақ түрді

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдады.

Әдеттегідей мұнда көмек сұрай келгендердің басым бөлігі бұл жолы да баспана мәселесін алға тартты. Қоғамдық қабылдауға пәтерге мұқтаж көптеген жандар бас сұқты. Бірі пәтер кезегінің баяу жылжитынына ренішін білдірсе, бірі көпбалалы ретінде кезектен тыс баспанаға қол жеткізсем деген үміттің жетегінде келді.

Красный Яр селосынан келген Қауғар Қасымова есімді әйел тұрғын үй кезегінде 966-шы болып тіркелген. Бұған дейін иесіз үйлердің бірінде тұрып келгенмен, заңды құжаттары болмағандықтан, пәтерден айырылып қалғанған ол үй алуға көмек көрсетуді өтінді. Жалғызбасты кейуананың мұңына құлақ түрген қала әкімі пәтер тек заң аясында кезекпен берілетінін айтып, түсіндірді. Бұл мәселе жөнінде сала басшыларымен ақылдасып, хабарын беруге уәде етті.  Станционный поселкесінің тұрғыны Қымбат Әбілева 2013 жылы тұрғын үй кезегінде 100-ші болып тіркелмегімен, өз атында үйі болғандықтан, көпбалалы ана екендігіне қарамастан кезектен шығарылғандығына шағымданды. Қала басшысы тұрғын үй мәселесі жөнінде көмек сұрағандарға заңға сәйкес кезек ретімен ғана жылжитынын, бұл жүйеге өзгеріс енгізе алмайтынын жеткізді. Сондай-ақ пәтер кезегіне тіркеуге алынғандар тізімі тиісті органдар тарапынан үнемі бақыланып отыратынын ескертті.  Қабылдауға келген Қабдрахман Тотамысов есімді қала тұрғыны жұмыспен қамтуға көмек сұрай келсе, Күләш Нұрмағамбетова медициналық орталық құрылысы үшін жер учаскесін жалға ал умерзімін ұзарту мәселесін шешуге көмектесуді өтінді.  Барлық өтініштер бойынша азаматтарға түсініктеме және нақтылы  жауаптар берілді. Тиісті бөлім басшылары да туындаған сауалдардың шешімін табуы назарға алынатынына уәде берді.

 

Көкше-ақпарат.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий