Тұрғындар тілегі ескеріледі

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әкімге жолданған сауалдардың көбі тұрғын үй мен құрылыс, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мәселелер болды.

Әкімнің қабылдауына бірінші болып Әсем Темірбаева кірді. Ол жалға алып отырған пәтерлерінен айырылып қалу қаупі төніп тұрғанын айтып, әкімнен көмек сұрады. Отбасында жұбайымен 4 бала өсіріп отырған әйел екі баласының сал ауруымен ауыратынын алға тартты. Әкім тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары жағдайды тексеріп, көмек көрсететінін жеткізді. Жасы 87-дегі зейнеткер Бәйкен Мұқышев ІІ топ мүгедектігіне байланысты автобуста тегін жол жүру билетін алуға көмектесуді өтінді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қарияға заң бойынша тегін жол жүру билеті қарастырылғанын, бөлімге тиісті құжаттарды тапсыру қажеттігін түсіндірді. Центральный, 55 үй тұрғындарының атынан келген Айдана Батталова тұрғын үй құрылысы кезінде жіберілген кемшіліктерді алға тартты. Әкім мұндай күрделі мәселелердің бір күнде шешілмейтінін, жағдайдың анық-қанығына жету үшін сала мамандары үй тұрғындарымен жиын өткізетінін айтты. Жеке кәсіпкер Есенкелді Батырхан балалар ойнайтын төбешіктер жасаумен айналысатынын айтып, өндірісті кеңейту мақсатында жалға жер алуға көмек сұрады. Қала басшысы кәсіпкердің алдағы жоспарларын мұқият тыңдап, тиісті көмек көрсетілетініне сендірді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий