Тұрғындар тілегі – назарда

Көкшетау қалалық мәслихаты депутаттарының қатысуымен қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Красный Ярдың іргесіндегі Элита поселкесінің тұрғындарының қоқыс полигонына қатысты шағым хаты қаралды. Красный Яр селолық округінің әкімі Нұрлан Айсиннің айтуынша, «Эко Dump» ЖШС полигонға жауапты кәсіпорын. Қазіргі уақытта мұнда қаланың заңды және жеке тұлғалары қатты тұрмыстық қалдықтарды тапсырады. Кәсіпорын 71 мекемемен келісімшарт жасаған. Биылғы жылдың үш тоқсанында полигонда 20 031 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар, 3657 тонна құрылыс қоқыстары қабылданған. Полигон аумағында
1 700 м3 көлемінде қоқыс жойылған. 390 түп терек, 400 түп алма ағашы отырғызылған.  «Көкшеветсервис» ветеринарлық қызметімен полигон аумағынан қаңғыбас иттер ауланған. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы  полигонда санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізген. Аталған ведомствоның бөлім бастығы Әсемгүл Қазизова арнайы тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталғанын айтады. «Ережеге сай полигон елді мекеннен 1000 метрге алшақ орналасуы тиіс. Қаладағы «Камаз-Инжиниринг» АҚ, «ДЭУ» ЖШС сияқты кәсіпорындардың өндірістік қалдықтарының бәрі осында төгілуде. Қоқысты жинау, пайдалану, тасымалдау, сақтау, көму бо-йынша заңбұзушылықтар анықталды. Топырақ қабатына өндірістік бақылау жүргізілмейді. Заң талаптарын сақтамағаны үшін серіктестікке 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Материалдар арнаулы органдарға жіберілді», – дейді Ә.Қазизова.

Қоғамдық кеңес отырысында Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Г.Шұқатованың «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджетке енгізілген өзгерістер туралы», Көкшетау қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін  мемлекеттік қызметті сараптау бөлімінің жетекшісі А.Әкішеваның «Жер заңнамасы аясында мемлекеттік қызмет регламенті мен стандарттар талабының сақталуы», мемлекеттік-құқықтық бөлім жетекшісі Б.Ерназаровтың «Қоғамдық тәртіптің сақталуына қатысатын азаматтарды марапаттау туралы», мемлекеттік кірістер басқармасының жетекшісі Б.Кәрімовтың салық төлемдері туралы есептері тыңдалды.

Әсем Ұланқызы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий