Тұрғындар тілегі тұрақты назарда

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Екі жыл бұрын Еңбекшілер ауданының Степняк қаласынан Красный Ярға көшіп келген 67 жастағы Қабдрахман Тоқтамысов жасы келсе де, ертелі-кеш қимыл-қозғалыста жүргенді ұнататынын, әлі де еңбектен қол үзгісі келмейтінін айтып, қолайлы жұмыс табуға көмек көрсетуді өтінді. Бір айта кетерлігі, қария еңбекке араласқысы келетіндігін  әлеуметтік жағдаймен байланыстырып отырған жоқ. «Өмір бойы еңбек еттім. Денсаулығым жақсы. Аллаға шүкір, төрт баламызды өсіріп-өндірдік. Он немере сүйіп отырмыз. Әйтсе де өмір бойы еңбек қол қусырып отыру қиын екен.  Елімізде оқимын, еңбек етемін, кәсіби тұрғыдан өсемін деген адамдарға барлық жағдай қарастырылған. Десек те біз сияқты қарт адамдар қоғамнан сырт қалмасақ дейміз. Оқыған-түйген дүниелерімді екі тілде жазамын. Газет-журналды сүйіп оқимын. Алда әлі де еңбек еткім келеді»,–дейді ол. Қала әкімінің орынбасары қарияның уәжіне құлақ түре отырып, алдағы күндері ардагерлер, қоғамдық ұйымдарымен хабарласып, мәселені біржақты шешуге көмектесетінін жеткізді.

Спорттың техникалық түрлері бойынша команда атынан келген спортшы Рамиль Набиуллин Қопа көлінде автожарыс өткізуге қолдау көрсетуді өтінді. Оның айтуынша, командада спорттың техникалық түрлері бойынша бес чемпион елімізбен қатар шетелдерде өтіп жүрген ралли-спринттерде жүлделі орындардан көрініп жүр. «Самұрық» қысқы ралли-спринт жарысы Астана, Павлодар, Петропавл, Теміртау қалаларында өткізілген.  Ралли-спринт жарысына өзін және жеке көлігін сынағысы келген әр адам қатысуға құқылы. Жарысқа 60 автокөлік қатысады деп күтілуде. Қала әкімінің орынбасары шара өткізілетін күні көл маңында төтенше жағдайлар, жедел жәрдем қызметі жұмыс істеуі қажеттігін ескертті.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий