Тұрғындар тілектерін тыңдады

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Сма-йылов әкімшілік ғимаратында кездесіп, мұң-мұқтаж, талап-тілектерін жеткізбекші болған бірқатар қала тұрғындарын қабылдады.

Раухан Ысқақова, Сағрипа Дүйсембекова, Ғайша Байманова, Амир Балкоевтардың сұрақтары тұрғын үй, жер телімі жөнінен екен. Әкім қабылдауға қатысып отырған мамандардан кімнің қай бағдарлама бойынша тізімде нешінші болып тұрғанын, кезектің жылжу үрдісін анықтап, арызданушыларға кеңес берді. Шын мәнісінде Көкшетауда соңғы жылдары тұрғын үйлер қарқынды салынып жатыр. Кезегі келгендер пәтер алуда. Сол себепті кезек саны да тез жылжып, алға басуда. Алайда, тұрғындардың қажетті құжаттарды дер кезінде жеткізіп, қай бағдарлама бойынша кезекке тұру керектігін анықтауында салғырттық әлі де бар. Әйтпесе, тізім ашық, жария түрде. Тек мамандармен, заңгерлермен кеңесіп, құжаттарды толық жинап тапсыру керек. Құжаттар әбден жиналып бітпей, заңдастырылмай жатып құрылысты бастап кетуге болмайды. Оның арты өкінішке, шығынға соқтыруы мүмкін.
«Центральный» шағын ауданының тұрғыны Зәуреш Ерғалина көрші-лерінің үнемі жөндеумен айналысып, мезгілсіз уақытта тыныштықты бұзып, маза бермейтініне шағынды. Оны мұқият тыңдаған қала басшысы полиция қызметкерлеріне шұғыл түрде тексеріс жүргізіп, тәртіп бұзу деректерін анықтауды тапсырды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий