Тұрғындар ықыласы

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев кеше облыс орталығында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Тұрғындармен пікір алмасып, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. 

Жастар скверінде қала басшысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мен жас-тар ресурстық орталығының белсенділерімен кездесті. Олар шаһардың ортасындағы әсем парктің ішінде демалыс нысанын салуға көмектескені үшін қала әкіміне алғыстарын айтты. Ендігі жерде негізгі мәдени-спорттық шаралар осы жерде өтетін болады. Сквер аумағында келешекте воркаут алаңын жасау да жоспарланыпты. Ермек Боранбайұлы өз тарапынан жастардың сквердің тазалығын, ондағы инфрақұрылымның сақталуын қадағалауды өз қамқорлықтарына алуды тапсырды. МПС көшесіндегі аллеяда қала әкімін осы маңда тұратын аға ұрпақ өкілдері қарсы алды. Ермек Маржықпаев оларды Егде адамдарды әлеуметтік қолдау айлығымен құттықтап, дендеріне саулық тіледі. Тұрғындар болса, жарықшамдар орнатылып, орындықтар қойылған жаңа алаңды Теміржолшылар аллеясы деп атауды ұсынды. «Сарыарқа» мөлтек ауданындағы 900 орындық жаңа мектеп құрылысына аялдаған қала әкімі мердігерлік ұйым басшыларына жұмыс қарқынын еселей түсуді тапсырды. Ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдалана отырып, сыртқы жөндеу жұмыстарын тез арада аяқтап алу керектігін айтты. Сөйтіп, тез арада ішкі әрлендіру және инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстарын қолға алу керек. Өкінішке орай, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша осы мөлтек ауданда салынып жатқан тұрғын үй құрылысының баяу жүргізілуіне байланыс-ты қала басшысы мердігерлік ұйым жетекшілеріне орын алған кемшіліктерді тез арада жоюды тапсырды. Қала әкімінің бұл жолғы сапары Неке сарайының жанындағы құрылыс алаңында аяқталды. Әкім Неке сарайының ішкі әрлендіру жұмыстарын көріп, оның маңын абаттандыру жөнінде де мамандармен пікір алмасты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий