Тұрғындар өтініші ескеріледі

Ақмола облысының әкiмi Сергей Кулагин 12 қазанда жеке мәселелерi бойынша азаматтарды қабылдады. Өтініштердiң денi әлеуметтік және коммуналдық салаларды қамтыды.

«Спасти жизнь» жануарлар құқын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Көкшетау қаласының тұрғыны Марина Рыбалко өңір басшысынан қаңғыбас жануарларға тұрақ ашу үшін мемлекет тарапынан бос ғимарат беруді немесе тұрақ салуға жер телімін бөлуді сұрай кепті. Облыс әкімі жануарлар тағдырына алаңдаған Марина Петровнаның ойын қолдайтынын білдірді. Бірақ, дәл бүгінгі күні осы мақсатқа сай қала шегінде бос ғимараттың жоқ екендігін айтты. «Бұл бір күнде шешіле салатын мәселе емес, жан-жақты қарастыру керек. Болашақта бұл мәселе бақылауда болады, мүмкіндігінше көмек көрсетіледі», – деді әкім. Еңбекшілдер ауданының тұрғыны Ілияс Әділбаев аймақ басшысына өзінің 2 топтағы мүгедек қарындасы Н.Әділбаеваның өтінішін жеткізді. Үш баласы бар, жалғызбасты ана Н.Әділбаева көптен бері аудан орталығынан үй ала алмай жүр екен. Кезекте 38-інші болып тұр. Ағымдағы жылы оған аудан әкімшілігі бір бөлмелі пәтер ұсынған, бірақ ол отбасы мүшелерінің бір бөлмеге сыймайтындығын айтып, бас тартыпты. Өңір басшысы өтініш иесін мұқият тыңдап, бұл мәселе тек заң шеңберінде шешілетіндігін айтты. «Бүгінгі күні Еңбекшілдер ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында көпқабатты тұрғын үй салынуда. Сол үй межелі уақытта салынып бітсе, келер жылы пәтерлі болып қалуларыңыз мүмкін. Н.Әділбаеваның денсаулығының жоқтығы, жалғыз өзінің кәмелет жасына толмаған үш баланы асырап отырғандығы міндетті түрде ескеріледі», – деді өңір басшысы. Сондай-ақ, Астана қаласынан қабылдауға келген «СК БИП Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Денис Зайцев аймақ басшысына өзінің «Қаланы жарықтандыру, абаттандыру» деп аталатын жобасын ұсынды. Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша барлық келушiлердiң өтiнiштерi бойынша тиiстi сала басшыларына тапсырмалар берiлдi.

Ақмола облысы әкімінің
баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс