Тұрғындар өтініші назарда

Әкім қабылдауына келген қала тұрғыны Асылбек Байниязов жасы келген зейнеткер ретінде пәтер кезегінде 2198-ші болып тұр. IMG_20210423_172648Жұбайы Балқия бірінші топтағы мүгедек. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен қарияларға уақытша тұратын жатақханадан бөлме берілген. Жеңіс мерекесіне орай тыл еңбеккері ретінде жәрдемақы тағайындалған. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан жұбайына кресло-орындық, есту аппараты, арба берілген. Алайда, санаторлық-шипажайлық ем алу мәселесі қарастырылмаған. Қария қазіргі жағдайын ортаға салып, жатақхана жайсыз екенін және өздері үшін жүріп-тұруға ыңғайсыздық танытатынын айтты. Әрине, баспана мәселесі өзекті. Дегенмен, бәрі заң жолымен шешіледі. Ал, қарияларға шипажайға бару жағдайы әлеуметтік бөлім мамандары арқылы жан-жақты зерттеледі. Әкім қабылдауына келген Базарбай Рақымов болса, саяжай мәселесін қозғады. ТШБ бөлімі бау-бақша серіктестігінің электр желілерін өз балансына алмай келеді. Алайда, саяжайлардың ішкі желілері ол серіктестік мүшелерінің жеке меншігі саналады, сондықтан оны жөндеу жұмыстарымен олар өздері айналысуы керек. Бау-бақша аумағындағы үйлер, құрылымдар, бақша учаскелері де жекеменшік түріне жатады, сондықтан оны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі өз балансына ала алмайды. Наурызгүл Тұрсынова да баспана мәселесін қозғады. Көпбалалы ана 90-шы болып кезекте тұр. Шаһар басшысы баспана мәселесі тек заң жолымен ғана шешілетінін айтты. Қабылдауға жазылған көпбалалы ана Александра Михайлова, көпбалалы әке Қадыр Мұхтаров та тұрғын үй мәселесін қозғады. Александраны баспанаға мұқтаж емес деп кезекке қоймаған, ал алты баласы бар Қадырдың үйі жақында өрт қауіпсіздігі шаралары сақталмағандық салдарынан түгі қалмай күйіп кеткен. Әкім қабылдауына келудегі мақсаты – сол жерге жаңа баспана тұрғызуға құрылыс материалдарымен көмектесуін сұрау. Шаһар басшысы оның назына құлақ асып, жергілікті кәсіпкерлермен ақылдасып, қолдан келгенше көмек берілетінін айтты. Қабылдауға жазылған тұрғындардың барлығының өтініш-тілектері назарға алынады делінді қорытынды сөзінде.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий