Тұрғындар өтініші тыңдалды

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайыловтың қабылдауына бұл жолы бес адам жазылыпты. Көпбалалы ана Айман Әлібекова «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша несие рәсімдеп, баспаналы болғысы келеді. Бүгінгі күні оның кезегі №429. Қала әкімі «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі арқылы көпбалалы ананың төлем қабілетін тексеріп, жоғарыда аталған бағдарламаға қатысу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Ал, көпбалалы ана Шура Шайхислямова болса, қоғамдық көлікте тегін жүргісі келеді. Алайда, заң бойынша балалары кәмелеттік жасқа толған ананың қала ішінде автобуста тегін жүруге құқығы жоқ. Соның өзінде шаһар басшысы Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына көпбалалы анаға көмек қолын созуды тапсырды. Елизавета Куртоева да көпбалалы ана. Бүгінгі күні  65-ші болып үй кезегінде тұр. Қазір станция сыртында жалдамалы баспанада тұрып жатыр. Балаларына интернеттің жоқтығынан сабақ оқу да қиындық туғызады. Қала әкімі тиісті мекеме басшыларына осы мәселені қадағалауды тапсырды. Центральный мөлтек ауданының тұрғындары атынан келген Жанболат Туғанбаев «ГазҚызметтің» қызметіне көңілдері толмайтынын жеткізді. Соңғы апталарда көгілдір отын мүлдем жоқ, тұрғындарға көп қиындық туғызып отыр. Қала әкімі бұл мәселе назарда екенін және жақын арада олардың міндетін басқа мекеме атқара бастайтынын жеткізді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий