Тұрғындар өтініші тыңдалды

Қала әкімі Бауыржан Ғайса азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.IMG_20210331_171127
Қабылдауға келген Рашида Қазбекова және Петр Кузьменко қала әкіміне Зеренді трассасына қатынайтын №36-шы бағыттағы автобустың күн сайын қатынамайтынын алға тартты. Людмила Селезенконың отбасында үш адам. 2012 жылдан бері «Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде баспана кезегінде тұр. Қазіргі күні тізімде 225-ші болып тіркелген. Жалғызбасты ананың айтуынша, осы күнге дейін құзырлы органдар жөндеу көрмеген пәтерді ғана ұсынған. Ендігі кезекте балаларына тұрақтайтын жер іздеген ананың мақсаты баспаналы болу. Баспанаға мұқтаж Лиза Муканованың да отбасында бес адам, 2019 жылдың қараша айынан «көпбалалы отбасы» санаты бойынша №391-ші болып тұрғын үй кезегінде тұр. Өтініш иелерінің арыздарын тыңдай келе, қала басшысы Бауыржан Ғайса барлық азамат-тардың мәселелері жауапты сала басшылары тарапынан назарға алынатынын жеткізді.

Айғаным АСЫҒАТОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий