Тұрғын үй кезекпен беріледі

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн режимде қабылдады.
Бүгінде баспана мәселесі талайдың жанына батып, үй мен жер кезегін жылдап күткен жандар аз емес. Әкім қабылдауына келген Ерлан Жақыпов осы мәселені алға тартты. 2016 жылы №2 тізім бо-йынша «толық емес отбасы» ретінде өтініш берген ол үй кезегінде 1560-шы болып тіркелген. Қазіргі уақытта қалада үй жалдап тұрып жатқан көрінеді. «Бұл мәселе біртіндеп шешімін тауып келеді. Үй кезегінде тұрғандар көп, соның ішінде жетім балалар да бар. Бүгінгі күні 993 жетім бала бас-пана кезегінде тұр. Сол сияқты ауыл-аймақтардан қалаға көшіп келгендер де үй кезегіне тұруда. Осылайша үйсіздер қатары азаяр емес. Дегенмен де осыдан екі жыл бұрын үй кезегіндегілердің саны 12 мыңнан асса, қазіргі күні 8805-ті құрап отыр. Жыл сайын 2 мыңнан аса тұрғын баспанамен қамтылуда. Тұрғын үй заң аясында кезекпен берілетінін тағы да ескертемін», – деген қала басшысы өтініш иесіне үй кезегін үш жылдай күту қажеттігін айтты. Өтініш иесі жеке кәсіп ашу үшін де көмек сұрады. Әкім «Бас-тау-бизнес» бойынша курс-тан өтіп, конкурс арқылы 550 мың теңге көлемінде қайтарымсыз несиеге қол жеткізуге болатынын түсіндірді. Үй кезегінде 198-ші болып тіркелген Сағрипа Дүйсембекова он бес жылдан бері баспана күтіп жүргенін қынжыла баяндады. Қала әкімі келер жылы кейуананың пәтер кілтіне қол жеткізетініне сендірді. Тұрғын үй мәселесімен келген Еркін Асқаровқа да сала басшылары тиісті жауап қайтарды. Тасжан Тайлақов есімді ақсақал облыстық ауруханада жұмыс істейтін немересіне арендалық үйді қалай алудың жолын сұрады. Мамандар немересіне мекеме директорының атына өтініш жазуға кеңес берді. Жер мәселесі бо-йынша келген Виктория Вольнованың құжаттарын заңгерлер мұқият тексеруге уәде берді.
Әкім қабылдауына жазылған Зайра Шалтенова науқас ұлы, немересімен жатақхананың аядай бір бөлмесінде тұрып жатқанын алға тартты. Пәтер кезегінде 1452-ші болып тұрған кейуанаға әкім баспана кезегін кемінде үш жыл күту керектігін түсіндірді. Көпбалалы Айнагүл Мұхамедиева 2012 жылы мемлекеттік бағдарламамен алған 72 шаршы метр үш бөлмелі пәтер отбасындағы сегіз жанға тарлық етіп отырғанын, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі бөлмелерді бөлуге рұқсат бермей отырғанын айтты. Сала мамандары өтініш иесіне Тұрғын үй заңнамасында «пәтерді кеңейту» қарастырылмағанын, пәтерді тек жекешелендіруге ғана рұқсат етілетінін жеткізді. Қала тұрғыны Жанар Мұхамедқалиева тұрғын үй сертификаты жайлы сауал қойды. Мамандар жаңа мемлекеттік қызмет келер жылы күшіне енетінін, жалпы бұл жоба әр өңірдің бюджетіне қарай жоспарланатынын айтты. Өтініші иесі Вернадский, 11 мекенжайындағы апатты үй мәселесін де алға тартты. Әкім өңір басшысының тапсырмасымен 2021 жылдың көктемінде аталған үй тұрғындарына арналған баспана құрылысын бастау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий