Тұрғын үй қорын жаңғырту биыл одан әрі жалғасады

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен 18 сәуірде алтыншы шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы болып, онда облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Қала әкімі жиналғандарға Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының жаңадан тағайындалған жетекшісі, полиция полковнигі Қанат Базарбайұлы Нұрмағамбетовты таныстырды.

Депутат Роза Арыстанқызының төрағалығымен өткен қалалық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясында «Көкшетау қаласының тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы», «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №С-7/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, Көкшетау қаласының тұрғын үй инспекциясының жетекшісі Ж.Есіркепов, Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Ж.Шұқатова баяндама жасады. Тұрғын үй қорын жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты облыс орталығында 2011-2015 жылдар аралығында 63 көппәтерлі тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған республикалық бюджеттен 1306 миллион теңге қаржы жұмсалды. Ағымдағы жылы қайтарылған қаржы есебінен Вернадский 11, Абай 138, Абай 48, Пушкин 17, Пушкин 4, Горький 6, Баймұқанов 86, Темірбеков 51 көшелеріндегі сегіз көппәтерлі тұрғын үйде жөндеу жұмыстары атқарылмақ. «Көкше МЖД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандандырылған өкілетті органының қайта құрылуына байланысты күрделі жөндеу жұмыстарына қатысты барлық функциялар 2017 жылдан бастап «Есіл» әлеуметтік-өндірістік корпорациясына жүктеледі.
Сессияда, сондай-ақ, Көкшетау қаласының селолық елді мекендерінде тұрып жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін сатып алу, Краснояр селолық округі мен Станционный поселкесінде жергілікті қауымдастықтың жиындарын өткізу тәртібі, автотұраққа бөлінген жер салығының базалық ставкасын ұлғайту және автотұрақтың категориясын белгілеу, Көкшетау қаласы бо-йынша коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасын бекіту туралы мәселе қаралды. Сонымен бірге қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктер мен байланыс жөніндегі кеңестің, жұмыспен қамту мәселелері бойынша қалалық комиссияның құрамы бекітіліп, «Көкшетау қалалық аумақтық комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 14 сәуірдегі №С25/3 шешіміне, «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 17 сәуірдегі №С-25/4 шешіміне өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, тұрғын үй комиссиясының және қала әкімдігі жанындағы жер учаскелерін беру жөніндегі дербес комиссиялардың құрамы бекітіліп, «Тіркелген салықтың бірегей ставкаларын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №С-23/8 шешіміне өзгерістер жасалды. Қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайсаның ұсынысы бойынша №6 сайлау округінен сайланған депутат Тимур Маратұлы Ысқақов кезекті сессияның төрағасы болып бекітілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс