Тұғырым бар шыңнан биік

Көкшетаудағы «Болашақ» сарайында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев барша халықты еліміздегі ең ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мереке күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің экономикасы мен әлеуметтің әлеуетінің көтерілуіне, мәдениеті мен білімінің дамуына, халықтар арасындағы достық пен ізгіліктің нығаюына сүбелі үлесін қосқан бірқатар азаматтар қоғамдағы елеулі еңбегі үшін мемлекеттік наградаларға ие болды. Атап айтқанда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамоталары, мемлекеттік наградалар, Президенттің «Халық алғысы», Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл», «Еңбек ардагері» медальдары табыс етілді.
Марапатталушылар-дың қатарында өндіріс, білім беру және денсаулық сақтау, әскери қызметшілер, құқық қорғау, спорт және туризм, соғыс және еңбек ардагерлері мен мәдениет және ғылым саласының қызметкерлері де бар. Ермек Маржықпаев «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысқан 10 оқушы, «Педагогтің кәсіби міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін» және «Педагогтің адал еңбегі үшін» құрметті атағының иегерлері, «Мың бала» зияткерлік олимпиадасының жүлдегері дипломымен ақмолалық төрт оқушыны марапаттады.

«Достар» мәдениет сарайында Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты шарада Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов көкшетаулықтарға түрлі мемлекеттік марапаттарды табыс етті.DSC_9977

Алдымен облыс орталығының дамуы-на қосқан зор үлесі үшін облыс әкімінің қолынан мемлекеттік наградаларға ие болған азаматтарға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, «Бижан» ЖШС директоры Шәкихан Антаев, «Көкше Тазалық» ЖШС директоры Олег Топорков «Ерен еңбегі үшін», Чернобыль ардагерлер одағының төрағасы Марат Жетеров «Шапағат» медальдарының, «УК Строй» ЖШС директоры Манат Мусин Құрмет грамотасының иегері атанды. Бұл күні пандемия кезіндегі ерекше еңбектері үшін бірқатар көкшетаулықтар Президенттің «Халық алғысы», 40 жылдан астам еңбек қызметінде жоғары нәтижеге қол жеткізгендер «Еңбек ардагері» медальдарына, қала дамуына қосқан зор үлесі үшін бір топ азаматтар Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарына ие болды. Мереке қарсаңында ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкеноваға, биология ғылымдарының докторы, профессор Әбілжан Құсайыновқа, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Валентина Соломинаға, денсаулық саласының ардагері Сәкен Тұрсынбайға, қалалық мәслихат депутаты Арын Аузаровқа «Көкшетау қала-сының құрметті азаматы» атағы берілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий