Тұғырынан таймасын тәуелсіздік!

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Көкшетауда көңіл сүйсінтіп, жан жадыратқан жалаулы жаңалықтар көп болды

Халқымыздың ұлы мерекесі, ең бір маңызы терең, қадірі қымбат, қасиетті мерекесі – Тәуелсіздік күні кең-байтақ еліміздің әр түкпіріндегі сияқты Көкшетауда да шадыман шаттық үстінде өтті. Алдымен, «Көкшетау» мәдениет сарайында бүкіл облыстан құрметті қонақ жиылып, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауымен салтанатты жиын өтті. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың елдің экономикасы, тұрғындардың әл-ауқатын арттыра түсу мақсатында алға қойған міндеттердің, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы барысын, облыстың осы жылдары қол жеткізген табыстарын жан-жақты баян етті. Одан әрі облыс басшысы осынау толғанысты мереке үстінде ел дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан өңір азаматтарына мемлекеттік наградалар мен Алғыс хаттар табыс етті. Жиын соңы тартымды концертпен жалғасты. Әсіресе, жұртшылықты атақты әншілер – дәстүрлі әннің бүгінгі дүлдүлі Ерлан Рысқали, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаевалардың концертке қатысып, әуелете ән салуы елең еткізді.
Бұдан бірер апта бұрын ғана көпқабатты жаңа тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Міне, мереке қарсаңында «Юбилейный» мөлтек ауданында өңір басшысы М.Мырзалин тұрғындарға тағы бір 90 пәтерлік үйдің кілтін тапсырды. Жалпы, биыл облыс бойынша төрт мың, облыс орталығы бойынша 1700 пәтер берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 пәтерге артық. Қарқынды жүріп жатқан құрылыс алда мұндай қуаныштардың көбейе береріне сендіреді.
Мереке құрметіне Бурабай баурайында шетелдік құсбегі, саятшылардың қатысуымен «Қансонар-2018» турнирінің өтуі де жан сергіткен жалаулы жаңалық болды. Бұл өңірдегі туризмді дамытуға жол ашар, көркем Көкшенің кереметтерін паш етер, ұлттық салт-дәстүрді насихаттауға ұйытқы болар игі шаралардың бірі.
«Достық үйінде» ҚР Тұңғыш Президентінің қайраткерлігі, Астана қаласын салудағы еңбегі, тегеуріні паш етілетін жаңадан түсірілген «Путь лидера. Астана» фильмін тамашалау да мереке мазмұнын тереңдете түсті.
* * *
Тәуелсіздік мерекесіне арналған шаһар жиыны «Неке сарайының» залында өтті. Салтанатты жина-
лыста Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев жиналғандарды еліміздің ең басты мерекесімен құттықтап, осы жылдың табыс-
тарымен таныстырып өтті. Ол есік ашқан жаңа мектептер, балабақшалар, ойын және спорт алаңдары, аллеялар, табыс етілген жаңа пәтерлерді тілге тиек етті. Жақында ғана теміржол вокзалы маңайында Қылшақты өзені үстінен салынған жаяу жүргіншілер көпірі тұрғындар жүріп-тұруына қолайлылық туғызды. Келер жылы М.Ғабдуллин көшесінен Абылай хан даңғылына шығаратын автокөлік және жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілмек. Станционный кентіндегі 4 мың шаршы метр көлеміндегі баққа күрделі жөндеу жүргізілді.
–Жалпы, тұрғындардың денсаулығы, қолайлы тұрмысы үшін алға қарай да қаланы көгалдандыру, спорт және ойын алаңдарын, скверлер мен аллеялар салу жұмыстары жалғасын тап-
пақ, – деді өз сөзінде Е.Мар-жықпаев. Одан әрі қала басшысы облыс орталығының дамуына белсенді үлес қосып келе жатқан бірқатар жұмысшы-қызметкерлерге, қала тұрғындарына мемлекеттік наградалар мен Алғыс хаттар табыс етті. Салтанатты жиналыстың соңы тартымды концертке ұласты.
«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий