Тұғырың биік болғай, Тәуелсіздік!

«Достар» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты жиналыс өтіп, онда Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов баяндама жасап, бірқатар мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйымдар жетекшілері, көпбалалы аналар мен кәсіпкерлер, еңбек озаттарын марапаттады.

– Еліміздің сандаған ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз туын тігіп, шекарасын бекітіп, Ата Заңын қабылдап өз алдына дербес ел болып атанғалы міне, бүгін 28 жыл! Мен сіздерді осынау біздің ең бір ерекше, елеулі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! – деп бастады сөзін қала әкімі А.Смайылов. Одан әрі қала басшысы тәуелсіздігіміздің баянды болуына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген ересен зор еңбегіне тоқталды. «Алдымен экономика, содан кейін саясат» деген қағиданы ұстанған Тұңғыш Президент ел тұрғындарының әл-ауқатын жақсартып, тұрмысын түзеуге кірісті. Ел ұстанымын анық белгілеп, әлем мемлекеттеріне бейбітшіл елінің мақсаттарын түсіндіріп, әріптестікке шақырды, инвестиция тартты. Бір тудың астына біріккен көп ұлтты қазақ елінің жұрты 28 жылда талай асулардан асып, талай биіктерді бағындырды.
Қала басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттерді орындау барысында облыс орталығы Көкшетау қаласында атқарылып жатқан жұмыстарға да кеңінен тоқталды. «Камаз-Инжиниринг», «ENKI», «Ақсай нан», «Көкшетау минералды сулары», «Агример-Астық», тағы басқа кәсіпорындардың қала дамуына қосып отырған сүбелі үлестерін атады. Ол, әсіресе, келер жылы еліміздің көрші мемлекетпен өткізетін еларалық форумын Көкшетауда өткізу бізге үлкен сын екенін, бұл шараға өз деңгейінде, ойдағыдай өткізуге көп көңіл бөлініп, жоспар бойынша ұлан-ғайыр істер атқарылып жатқанын айтты.
Салтанатты жиналыс үстінде А.Смайылов бірқатар қала тұрғындарына мемлекеттік наградалар тапсырып, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың және өз атынан Алғыс хаттармен марапаттады.
Жиын соңынан салтанатқа арнайы дайындалған тартымды концерттік бағдарлама ұсынылды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий