Тәжікстан Елшісі Достық үйінде болды

Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ибодзода Хайрулло Көкшетаудағы Достық үйінде болды.

Елшімен кездесуге Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, этномәдени бірлестік жетекшілері, тәжік диаспорасы, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Тәжікстан Республикасының Елшісі өз сапарының мақсатымен бөлісіп, тәжік диаспорасының өкілдеріне өзекті өтінішін – облыс аумағында тұрып жатқан барлық этностармен достық пен келісімде тіршілік етуді жеткізді. «Санги-Кабуд» аталатын тәжік ұлттық-мәдени орталығы екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының нығаюына, еліміздегі ұлттар арасындағы достықтың беки түсуіне септігін тигізетініне сенім мол екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында 18 этносты біріктіретін 50-ге жуық этномәдени бірлестік бар. «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы 2017 жылы ашылған болатын. Орталықтың негізгі қызметі – ұлттық мәдениет пен шығармашылықты жаңғыртып, салт-дәстүрлерді дамыту және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеумен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын қолдау болып табылады. Облыста 200-ге тарта тәжіктер тұрады. Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің алаңсыз жұмыс істеуіне барлық жағдайлар жасалған. Басқосуға жиылған көпшілік елшімен бірнеше түйінді мәселелерді талқылап, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Өз кезегінде «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының  төрағасы Умар Шоназаров тарихи отанмен ашық байланыс орнатуға атсалысқан Тәжікстан Республикасының Елшілігіне айрықша ризашылығын білдірді. Ұлттық мәдениет-ті, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді қайта жаң-ғыртып, халық шығармашылығын, сонымен бірге, жастарды патриотизмге тәрбиелеуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асыруды мақсат тұтқан тәжік ұлттық-мәдени орталығының қызметімен таныстырды.

Кездесу соңында Тәжікстан Рес-публикасының Елшісіне Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының атынан естелік сыйлық табыс етілді.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий