Тәжік ұлттық- мәдени орталығы ашылды

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде тәжік ұлттық-мәдени орталығының салтанатты ашылуы болды. Шараға Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Назирмад Ализода мен әскери атташе Рустам Джумаев келді. «Санги-Кабуд» деп аталатын орталық арқылы тәжіктің мәдениеті, тілі насихатталып, халықтар бірлігімен байланысты түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Қазақстандық тәжіктер қоғамдық бірлестігі мен мәдени орталықтардың төрағасы Шакарбек Норматовтың айтуынша, алдағы уақытта тәжіктік кәсіпкерлермен байланыс орнатылып, инвестиция тарту көзделуде.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий