Тәртіптік комиссиялардың жұмысы талқыланды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын қорытындылады.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты- жылдығында 386 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2020 жылдың ұксас кезеңімен салыстырғанда тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметшілер санының 8%-ға артқанын атап өткен жөн (2020 жылдың 1 жарты-жылдығында 357 адам жауапкершілікке тартылды). Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арасында тәртіптік теріс қылықтардың ең көп мөлшерін бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері жасады.
Департаменттің құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізген түсіндіру жұмыстарына қарамастан, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары тәртіптік жаза қолдану кезінде бұзушылықтарға жол берген. Мысалы, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің бас маманы қадағалау органының ұсынуы бойынша аппарат басшысының атына түсініктеме берді, ал бұл жағдайда уәкілетті тұлға өзінің лауа-
зымдық өкілеттіктеріне байланысты мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға кұкығы бар аудан әкімі болып табылады. Басқа жағдайда, дербес бөлімнің басшысы оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы өкімімен таныспаған, бұл туралы бұйрықта тиісті жазбаның болмауы куәландырады және бұйрықпен танысудан бас тарту туралы акті жоқ. Мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен бас маманға тәртіптік жаза қолданылған, алайда жаза қолдану туралы акт шығарылған кезде заңмен көзделген мерзімдері өтіп кеткен. Мұндай бұзушылықтар қолданылған жазалардың заңсыздығын және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталмауын көрсетеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 19 шілдеде Департаментпен тәртіптік комиссиялар төрағалары үшін онлайн форматта семинар өткізілді, оның барысында өзекті мәселелер талқыланды, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары қызметінің қорытындылары қаралды, екінші жартыжылдыққа арналған басым бағыттар белгіленді. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс Департамент кызметіндегі басым бағыт болып табылады.

Дархан Хайруллин,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий