Тәртіп күшейтілгенімен, спортта босаңдық байқалады

Депутат Еркін Тұрашұлы Исімбаевтың төрағалығымен 18 мамырда алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті мәжілісі болды. Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Жақсылық Бүйтеков жыл басынан бері жұмыс істей бастаған жаңа құқықтық құрылымның қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтаудағы алғашқы қадамдары жайлы айтып берді.

DSC_9024 Аз уақыттың ішінде қала көшелері мен қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алуға байланысты кешенді жұмыстар атқарылыпты. Пікір алмасу жағдайында өткен әңгіме барысында депутаттар тарапынан №1, 4, 7, 9 учаскелік полиция пункттерін орналастыру үшін арнайы ғимарат бөлу мәселесі көтерілді. «Көкшетау қаласында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шаралар туралы» қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 2015 жылғы 8 қазандағы №К-25/2 шешімінің орындалу барысы туралы мәселе қаралды. Көкшетау қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің жетекшісі В.Галиев пен қалалық оқу бөлімі басшысының орынбасары Ж.Дондағұлованың комиссия отырысында жасаған есептерінде дәлелді ақпараттың жеткіліксіздігінен және бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы қаулысының кейбір тармақтарының орындалмауына байланысты өзекті бұл мәселе шілде айында қайта қаралатын болды. Тұрақты комиссия мәжілісінің күн тәртібіндегі осы мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс